Роман Григорчук «Астанадан» кетті

Роман Григорчук «Астанадан» кетті

«Астана» футбол клубы екі жақтың келісімі бойынша Роман Григорчукпен келісімшартын тоқтатты, деп хабарлайды prosports.kz елордалық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Украиналық маман «Астана» футбол клубына 2018 жылы келген. Бірақ алғашқы маусымда отбасылық жағдайына байланысты клубтан уақытша кетуге мәжбүр болды. 2019 жылдың қаңтарында жұмысына қайта кірісті.
Өткен маусымда Григорчук «Астанамен» суперкубокты және ел біріншілігін жеңді. Елордалық команданы Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жеткізді.
Бас бапкердің көмекшілері Михаил Савка, Анатолий Коротя және Андрей Глущенколарда қызметтерінен кетті.

«Астана» футбол клубы ресми сайтында украиналық бапкерге атқарған қызметі үшін рахмет айтып, бапкерлік мансабында сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Роман Григорчук жанкүйерлерді, футболшыларды, барлық бірге қызмет атқарған адамдарына алғыс айтты. Ең есте қалған сәті ретінде БАТЭ-ге қарсы өткізген ойынды атап өтті .

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или