Непогодов, Малый, Быстров және Щеткин «Астана» сапына қосылды

Непогодов, Малый, Быстров және Щеткин «Астана» сапына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылғы маусымды «Ордабасы» сапында жалда өткізген «Астана» футбол клубының ойыншылары Дмитрий Непогодов, қорғаушылар Сергей Малый, Марат Быстров, және де шабуылшы Александр Щеткин елорда командасының құрамына қайта оралды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, барлық төрт футболшы Қазақстанның алты дүркін чемпиондары сапында Португалиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Одан бөлек, маусымның екінші бөлігін павлодарлық «Ертіс» сапында жалда өткізген жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев та командамен бірге жаттығу жиынына барады.

Оқи отырыңыз:

Григорчук киевтік «Динамоны» баптауға дайын

«Ордабасы» маусымға дайындығын бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер