Григорчук киевтік «Динамоны» баптауға дайын
«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук болашақта Киевтің «Динамо» клубының тізгінін ұстауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz украиналық EURO.com.ua порталына сілтеме жасап.
Григорчуктің айтуынша, егер шынымен ұсыныс болса, кез-келген жаттықтырушы мұндай клубтың бетін қайтара алмайды.
- «Динамо» - бұл үлкен бренд. Егер нақты ұсыныс болса, бұндай клубтан бас тартуға болмайды. Бірде-бір украин жаттықтырушысы мұндай ұсынысты қабыл алмауы екіталай», - деді Григорчук TaToTake-ке берген сұхбатында.
Сондай ақ, маман «Динамо» қазіргі таңда қиын жағдайда екенін айтты.
Айта кетейік, Роман Григорчук 2018 жылдың 1 маусымнда «Астана» бас бапкері атанды. Қазақстандық командамен 54 жастағы маман екі мәрте Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или