ГЛАВНАЯ
                      
                                            Головкин промоутерімен кездесті: негізгі мақсат жария етілдi
                  
                  
              Головкин промоутерімен кездесті: негізгі мақсат жария етілдi
<span>Орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның промоутерлерінің бірі Эдди Хирн Лос-Анджелесте жұмыс кездесуін өткізді.</span>
Хирн бұған дейін хабарлағандай, әңгіме барысында боксшы мен промоутер Геннадийдің алдағы жекпе-жектеріне жасаған жоспарларын талқылады.
"Бүгін кешке біз чемпион Геннадий Головкинмен жақсы кездесу өткіздік, келесі жекпе-жекті жоспарлап жатырмыз!", - деп жазған Хирн GGG-мен бірге түскен фотосын жариялады.
Айта кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы Камил Шеремета болуы мүмкін. Жекпе-жек Чикагода 2020 жылдың ақпанында немесе наурызында өтеді деп жоспарлануда. Осыдан кейін қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші рет жекпе-жек өткізуге бел буып отыр.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или