Ауыр атлетика

Илья Ильин: Отбасымды таңдағым келсе, солай жасар едім

news-banner7
mobile-news-top

Илья Ильин карьера мен отбасы арасында қалай таңдау жасағанын бөлісті. Айтуынша, мұндай салада жүріп отбасылық берекені сақтап қалу қиын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gakku арнасының «Шыны керек» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Бәлкім бұл біреулердің қолынан келіп те жүрген шығар. Ал менің өмірлік тәжірибеме зер салатын болсақ, бұл – қиын. Біз екеуіміз спортшы болғанның өзінде отбасыны сақтап қала алмадық. Минимумның өзінде қиын. Егер басымдылықты отбасыға беретін болсақ, сақтап қалуға болатын шығар», - деді Илья Ильин.
Әрі қарай спортшы әйелімен жақсы қарым-қатынасты сақтап қала алмаса да, ата-анасы, туған туыстарының барынша қолдау көрсететінін айтты.
«Мен отбасыны таңдағым келсе, отбасымды таңдайтын едім. Өмірлік жолы өзі үшін жауап беріп тұрған сияқты. Өкінішке орай немесе олай емес, солай болып қалды. Көп нәрсе айтуға болады. Менің отбасым бар. Әкем, шешем – олармен жақсы қарым-қатынастамын. Қиын, әрине. Қазір роантикалық қарым-қатынастарға дайын емеспін. Әрине, дайын емеспін. Мен мұның алдындағы «романтикалық қарым-қатынастан» айығып үлгермедім», - деп шынын айтты спортшы.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін спортшы көзіне жас алған ауыр күндері туралы айтып берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер