Олжас Абраев: ҚПЛ-да командалар саны артпайды

Олжас Абраев: ҚПЛ-да командалар саны артпайды
news-banner7
mobile-news-top

Бірнеше күн бұрын ғаламторда «Ақтөбе» футбол клубының 2020 жылы Қазақстан Премьер-лигасына қатысатын клубтарға және жеке ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековке жіберген құжаты жарияланған еді. Онда батысқазақстандық клубтың басшысы Самат Смақов әріптестерін Премьер-лиганы 16 командаға дейін кеңейту бастамасын қолдауға шақырған болатын.

Prosports.kz ПФЛК президенті Олжас Абраевтан бұл жағдай жайлы пікір білдіруді сұраған еді. Ақтөбелік жанкүйерлер мен Смақовтың үміті су сепкендей басылды. Лига «Ақтөбені» ҚПЛ-да сақтау қалу үшін ережені өзгертпек емес.

- Интернетте Самат Смақовтың клуб басшыларына үндеуі бар фотосурет таралып жатыр. Сіз осы құжаттың түпнұсқа екенін растай аласыз ба?

- Біз бұл құжаттың түпнұсқалығын растай алмаймыз, өйткені біз хатты алушы емеспіз. Оны тек клубтар ғана алды, және «Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақовтың айтуынша, чемпионат құрамын кеңейту мәселесі бойынша әріптестерінің позициясын білу үшін бұл хат жіберілді.

- Бұл мәселеге сіздің көзқарасыңыз қандай? Сіз бұрын ҚПЛ-ды кеңейту жоспарланбағанын айтқансыз.

- Осыған дейін клубтардың басшыларымен, оның ішінде «Ақтөбе» ФК-мен ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде өткен Лиганың жалпы жиналысында бірауыздан барлық мәселе келісілген болатын. Ақтөбелік клуб қазір қиын жағдайда екенін түсінеміз. Бірақ жанкүйерлер өз командасына адал болып қала береді. Қарыздарды төлеу және клубтың қаржылық мәселелерін шешуде орасан зор жұмыс атқарған қазақ футболының аңызы Самат Кабирович пен ақтөбелік футбол сүйер қауымды құрметтей отырып, 2020 жылғы чемпионатқа қатысатын командалар саны артпайды. Бұл бекітіліп қойған және қайта қаралмайды.

Жоғары дивизиондағы орынның автоматты түрде сақталуы біздің барлық ресми құжаттардағы спорттың негізгі қағидаларына күмән туғызады, ал клубтардың үндеуі Премьер-Лиганың келесі маусымдағы регламентіне қатысты шешіміне қайшы келеді. Лиганың жалпы жиналысының соңғы отырысында чемпионатқа қатысушылар құрамын кеңейту туралы мәселе көтерілген жоқ. Керісінше, турнирдің қазіргі форматы біз үшін оңтайлы екені белгілі болды. Қалай болғанда да, қатысушылар санының көбеюі Бірінші лига командаларына байланысты болады, бірақ қазір біз мұндай қадамға көптеген себептер бойынша дайын емеспіз. Атап айтар болсақ, Бірінші лига клубтарының инфрақұрылымы мен қаржылық жағдайы, сондай-ақ чемпионатқа 12 командадан артық қатыса алмаймыз. Егер, 14 командаға чемпионатқа 14 команда қатыстыратын болсақ, тек екі айналым өткізуге тура келеді. Матчтар саны біраз азаяды. Жалпы, жарыстың мерзімі өте қысқа болады. Сондай ақ, Премьер-лига мен Бірінші лигада бәсекелестікті сақтауымыз керек.

-«Қызыл-Жар» и «Каспий» барлық жағынан Премьер-лига деңгейіне сай ма? "Аяқ асты" бір клубтың инфрақұрылымынан немесе қаржылық жағынан шикілік табылып, «Ақтөбеге» жол ашылмай ма?

- Премьер-лиганың футбол клубтарын сертификаттау процесі осы жылдың желтоқсан айында басталады. Үш ай ішінде Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау және сертификаттау департаменті клубтар ұсынатын құжаттарды зерттейді және шамамен ақпан айының ортасында барлығы белгілі болады. Жоғарғы дивизиондағы клубтардан басқа, Бірінші лига командалары жыл сайын бұл процедурадан өтеді. Бұл тұрғыдан, «Қызыл-Жар» и «Каспийдің» мол және тәжірибесі бар.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер