Канат Ислам намибиялық Каутондокваны жеңді

Канат Ислам намибиялық Каутондокваны жеңді

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында кәсіби бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиядан келген Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) рингке шықты. Исламға тиесілі орта салмақтағы WBO халықаралық чемпионының белбеуі сарапқа салынды. Төрешілердің шешімімен Қанат жеңіп, өз атағын сәтті қорғады. Сонымен қатар, бесінші раундта африкалық нокдаунға түсті.

Үш төреші де жеңісті Қанатқа берді - <span>97-92, 97-92, 98-92.</span>

Қанат Ислам үшін бұл жеңіс өзінің кәсіби мансабындағы 27-ші жеңісі болды. Вальтер Каутондоква мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, былтыр намибиялық боксшы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіліп қалған еді.

Руслан Мырсатаев кезекті жеңісіне қол жеткізді

Асқар Ерубек украиналық боксшыны жеңді

Арман Рысбек өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевтан басым түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или