Қазақстандық дзюдошылар Словениядағы турнирде үш алтын жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Словениядағы турнирде үш алтын жеңіп алды

Словенияда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Аталған сынға 27 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алды. </span>

<span>Бейбітхан Сейфулла (50 келі), Жұбатқан Нұрсұлтан (55 келі), Тынарбай Тілеген (66 келі) чемпион атанса, Әкімбек Қимадинов (50 келі), Ринат Есенғалиевтің (55 келі) еншісінде күміс жүлде бар. </span>

<span> Қола медальді Санжар Әли (50 келі), Аслан Лес (60 келі), Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 келі) және Алмат Әділет (50 келі) иеленді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или