«Құпия» ақпарат

«Қыран»: Клубты жабу үшін әдейі істеп отыр

«Қыран»: Клубты жабу үшін әдейі істеп отыр
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші Лигада бақ сынайтын «Қыран» футбол клубы қарызға белшесінен батқанын және мұны әдейі істеп отыр деп ашынды.

- Осы сәтке дейін үндемей келдік. Құпияны ашатын уақыт келді. «Қыран» футбол клубында қаржылық қиындықтар туындады. Қиындықтар өткен жылы бастауын алған. Өткен маусымдарға қарағанда клубтың бюджеті жүз миллион теңгеге қысқарды. 2019 жылы бұл жағдай тағы қайталанды. Минус 200 миллион теңге. Нәтиже көріп тұрғандарыңыздай. Клуб қарызға белшесінен батты.

Биылғы жылды ең қиыны деуге болады. Неге дейсіз ғой? Маусымның басынан бері футболшылар жалақыларын ала алмай келеді. Бірақ жігіттер жарап тұр. Олардың ешқайсысы ҚФФ не өзге де ұйымдарға шағым түсірмей, жаттығуларын жалғастырып келеді. Бәрі бір ғана жайтты біледі. Клубты жабу үшін мұның бәрі әдейі істеліп жатыр.

Дегенмен шыдамның да шегі бар. Жұмысшылар наразылығын білдіріп жатыр. Бірақ шенеуніктердің қайсыбірі қарапайым халықты тыңдасын. Әсіресе соңғы екі жылда болып жатқан жайттар клубты қарызға әбден батырып, сенімгер басқарушымен келісімшартты бұзу үшін істелініп жатқан арнайы жоспар секілді көрінеді, - деп жазды «Қыран» футбол клубы Facebook клубындағы парақшасы.

Шымкенттегі спорт кешенінің мәжіліс залын толтырған «Қыран» футбол клубының футболшылары мен бапкерлері өлместің күйін кешіп жүр. 1-ші лигада ойнайтын клубты Түркістан облысының әкімдігі «қасақана қысып отыр» дейді жиналғандар. Жылда аударуы тиіс 381 миллион теңгенінің орнына 280 миллион теңге аударып қанағат етіңдер деген. Осының салдарынан жалпы саны 100 шақты клуб қызметкері мен футболшылар жеті айдан бері жалақы алмай қарызға батыпты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер