Қазақстандық клуб қарызға батты

Қазақстандық клуб қарызға батты
news-banner7
mobile-news-top

"Қыран" футболшылары неге жалақысыз жүр, деп хабарлайды КТК.

Футболшылар да жылайды. Түркістан облысының басты футбол клубы «Қыранның» футболшылары мен басшылары шенеуніктердің кесірінен жабылып қалудың аз-ақ алдында тұрмыз деп шағымдануда. Сөздеріне сенсек, облыстық әкімдік түрлі тексеріс жасап, бюджетті қысқартып тастапты. Соның кесірінен футболшылар жеті ойы жалақы алмаған. Ал атқамінерлер клубтың басы-қасында ақша көздеген алаяқтар көп деп отыр.

Шымкенттегі спорт кешенінің мәжіліс залын толтырған «Қыран» футбол клубының футболшылары мен бапкерлері өлместің күйін кешіп жүр. 1-ші лигада ойнайтын клубты Түркістан облысының әкімдігі "қасақана қысып отыр" дейді жиналғандар. Жылда аударуы тиіс 381 миллион теңгенінің орнына 280 миллион теңге аударып қанағат етіңдер деген. Осының салдарынан жалпы саны 100 шақты клуб қызметкері мен футболшылар жеті айдан бері жалақы алмай қарызға батыпты.

Наталья Казумян, «Қыран» ФК менеджері:

- Бірінші лигада ойнайтын өзге клубтардың жылдық бюджеті 1 миллиард теңгеден басталады. Ал,біздің 380 миллиондық қаржыны спорт басқармасы мен облыс әкімдігі 100 миллионға қысқартты. Сондағы оларға ұнамағаны – 1-ші лигадан бөлек, 2-лига мен жасөспірімдер командаларын жаттықтырғанымыз. Бірақ ол үшін қосымша қаржы сұрағанымыз жоқ.

Қыран клубы шенеуніктерге өңірдегі футболдың дамығаны емес, ақша ғана маңызды деген пікірде. Яғни өзге команданы жасақтау деген желеумен бюджеттен тағы ақша алуды көздейді дейді. Олар күні кеше облыс әкімінің орынбасары мен спорт басқармасының басшысына барып мұңын айтапты. Әр ойынға жетуге спортшылар бірнеше күн автобуспен жүріп бір сәт дамылдамай ойынға кірісетінін, жартылай аш екенін мәлімдеген. Бірақ...

Сержан Сыдықов, бапкер:

- Кеше біз Қырықбаевқа айтып жатқанда "ол маған қызық емес" дейді. Сол жерде жігіттер екінші ойында тырыспасы ұстап аяғынан, құлап жатырмыз. Федерацияның представительдері көрді, судьялар көрді не масқара бұл деп. Бұл сұмдық нәрсе ғой, ол премьер лигада ондай нәрсе жоқ, ешқандай клубта ондай нәрсе жоқ.

Аш-жалаңаш, күйзелісте жүрміз деген Қыран қазір 1-лигада 10-орында тұр. Ал спорт басқармасындағылар болса басқа пікірде. Яғни, «Қыран» клубында алаяқтар тым көп деп отыр. Дер кезінде берілген қаржыны дұрыс жасамай клуб қазір қиын жағдайда қалғанын айтады.

Полат Қырықбаев, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Келесі жылы Құдай қаласа «Қыран» командасы «Тұран» ғып ауыстырамыз да, премьер лигаға шығады келесі жылы. Ол үшін жағдайдың бәрін жасаймыз, «Қыран» командасы премьер лигаға шығу үшін. Тек қасында жүргендер кетсе болды, қасында небір алаяқтар жүр қасында. Сол кетсе болдлы, басқа әңгіме жоқ.

Спортшы шенеуніктерге сенсек, футболшылардың жеті ай көрмеген жалақысын көп ұзамай аударамыз деп отыр. Ол үшін облыстық мәслихаттың қолдауы ғана керек екен. Алайда «қырандықтардың» оған қатты қуануына негіз жоқ сияқты. Себебі, бірнеше айдан бері стадионды қарызға алып ойнап жатқандарға жалақыдан басқа қаржы аударылмайтын түрі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер