Бокс

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) TVP-ге берген сұхбатында келесі жекпе-жегі IBF және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы болатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Головкинмен жекпе-жек ақпан айында өтеді. IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа таласамын. Қараша айынан бастап дайындықты бастаймын - деп мәлімдеді Шеремета.

Қыркүйектің IBF рейтингінде Шеремета, Головкин мен украиналық Сергей Деревянченкодан кейін (13-2, 10 КО) үшінші орында тұрған болатын. Камил қазан айының рейтингінде көш бастап, титул үшін ресми үміткер болады деп күтілуде.

Головкин дәл осы польшалық боксшыға қарсы жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат кеше тараған болатын.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде GGG украиналық боксшы Сергей Деревянченконы ұтты.

Деревянченко: Бүкіл әлем куә, жеңіс менікі еді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер