Арман Рысбек: Кәсіпқой бокс үшін Қазақстанда жағдай жасалмаған

Арман Рысбек: Кәсіпқой бокс үшін Қазақстанда жағдай жасалмаған

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Арман Рысбек (6-0, 5КО) 26 қазан күні Алматыда кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Болашағынан зор үміт күттіретін боксшы алдағы жекпе-жегі туралы айтып берді. 

— Арман, алдағы жекпе-жек туралы айтып берсеңіз... Дайындығыңыз қалай?

— Жақсы дайындық жүріп жатыр. Арман Абдуалиевтің жетекшілігімен жаттығып жатырмын.

— Қарсыласыңыз кім?

— Қарсыласым — ресейлік Евгений Терентьев. Құдай қаласа, 26 қазанда Алматыда жекпе-жек өткіземін. 

— Алдыңғы өткізген жекпе-жектеріңізде барлығында уақытынан бұрын жеңіске жетіпсіз. Бұл жолы нокаут болады деп ойлайсыз ба?

— Нақты осындай кезеңде жеңемін деп айта алмаймын.  Алайда, уақытынан бұрын құлатуға тырысамын. Мүмкіндігімше, нокаутпен.

— Алға қойған жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз... 

— Қазіргі мақсатым алдағы жекпе-жекті ойдағыдай өткізу алу болып тұр. Бұйырса, жеңіс нәсіп етіп жатса, тек алға жылжимыз. Америкаға кетіп қалу ойымда жүр. 

— Қазақ боксшыларының көбісі АҚШ-та дайындалып жүр. Оған не себеп?

— Ол жерде барлық жағдай жасалған, көзге түсуге мүмкіндік көп. Елімізде небір мықты боксшылар көп. Алайда кәсіпқой бокс үшін Қазақстанда жағдай жасалмаған. 

Айта кетейік, Арман Рысбек кәсіпқой рингте алты жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или