Бокс

Жанқош Тұраров 22 қарашада жекпе-жек өткізеді

Жанқош Тұраров 22 қарашада жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

22 қарашада Лондондағы «York Hall» фитнес-орталығында MTK Global ұйымдастырған «Golden Contract» турнирінің ширек финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирге бірінші орта салмақта өнер көрсететін үздік боксшылар қатысады.

Бокс кешіне қатысатын жеті боксшы анықталды. Олардың арсында қазақстандық Жанқош Тұраров та бар. Турнирге Тұраровтан бөлек, Охара Дэвис (19-2, 14КО), Аким Эннис Браун (13-0, 1КО), Тайрон Маккенн (19-1-1, 6КО), Энтони Йигит (24-1-1, 8КО), Мохамед Мимун (21-3, 2КО) Энтони Йигит және Даррен Суртис қатарлы боксшылар қатысады.


Бір қызығы, қарсыластар жекпе-жектен бір апта бұрын жеребе арқылы анықталады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мерзімінен бұрын жеңіске жеткен боксшыларға қосымша бонустар беруді жоспарлап отыр.

Турнирді америкалық ESPN телеарнасы және британиялық Sky Sports телеарнасы көрсетеді.

Жанқош Тұраров «Golden Contract» турниріне қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер