13 тамыз

Жанқош Тұраров «Golden Contract» турниріне қатысады

Журналист
Жанқош Тұраров «Golden Contract» турниріне қатысады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17KO) MTK Global-дің «Golden Contract» турниріне қатысуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс үш салмақ дәрежесінде өтеді: жеңіл салмақ, бірінші орта салмақ және жартылай ауыр салмақта. Әр салмақта сегіз қатысушы болады. Ал жеңімпаз әлемдік деңгейдегі бір ірі промутерлік компаниямен бес жекпе-жектен тұратын екі жылдық келісімшартқа отырады. Бұл келісімшарт аясында өтетін әр жекпе-жек үшін алты санды сыйақы төленеді. 

Golden Contract турниріне әлемдік рейтингілерде өз салмағының үздігі саналатын боксшылар мен титул иегерлері қатысады.

Бір қызығы, қарсыластар жекпе-жектен бір апта бұрын жеребе арқылы анықталады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мерзімінен бұрын жеңіске жеткен боксшыларға қосымша бонустар беруді жоспарлап отыр.

Жанқош Тұраров бірінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Бұл салмақта турнирге Охара Дэвис (19-2, 14КО), Аким Эннис Браун (13-0, 1КО), Тайрон Макенна (19-1-1, 6КО), Энтони Йигит (24-1-1, 8КО), Мохамед Мимун (21-3, 2КО) қатарлы боксшылар қатысады.

- Мен бірінші орта салмақтың королі болуды мақсат еттім. Менің сөзімді естеріңізде сақтаңыздар. Алағы бір жарым жылда чемпион боламын, - деді Жанқош Тұраров.



Естеріңізге сала кетейік, турнирдің ширек финалы осы жылы қазан/қараша айында өтеді. Ал жартылай финал келесі жылдың ақпан-наурыз айларында, финалдық жекпе-жектер сол жылдың мамыр-маусым айларында өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.