Қазақстан ұлттық құрамасы PES-2020 футбол симуляторында!

Қазақстан ұлттық құрамасы PES-2020 футбол симуляторында!
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасы геймерлер арасында кеңінен танымал «Pro Evolution Soccer 2020» футбол симуляторына ресми түрде кіргізілді, деп жазады Prosports.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

2019 жылғы үлгідегі Қазақстан ұлттық құрамасы жапониялық Konami компаниясының PES-2020 ойынындағы құрама командалар тізіміне кіргізілді. Қазақстан футбол федерациясы мен «Konami Corporation» ойынды әзірлеушілерінің арқасында бұл мүмкіндік жүзеге асып отыр.

Қазақстан командасын симуляторға кіргізу жөніндегі келіссөздер биылғы жылдың қаңтарында басталды және жазда іске қосылды. PES ойынында Қазақстанның 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу ойындарына қатысып жатқа құрамы кірді.

«Pro Evolution Soccer» - әлемнің миллиондаған геймерлері ойнайтын футбол симуляторы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер