Томасов - тамыз айының үздігі

Томасов - тамыз айының үздігі
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» жанкүйерлері клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында дауыс беру арқылы тамыз айының үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тамыз айында елордалық команда сегіз ойын өткізіп, бес мәрте ірі есеппен жеңіске жетті. Әрі Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Дауыс беру нәтижесінде жартылай қорғаушы Марин Томасов үздік деп танылды. Хорватиялық ойыншы сегіз гол соғып, төрт голдық пас берді.

Дауыс беру нәтижесі, ТОП-5:
1. Марин Томасов — 83,27%
2. Ненад Эрич — 4,84%
3. Рунар Мар Сигурьонссон — 3,5%
4. Роман Муртазаев — 2,15%
5. Антонио Рукавина — 1,69%

Дауыс бергендер: 3203 адам.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер