Иван Маевский: Өте қиын ойын болды
«Астана» – БАТЭ ойынынан кейін елорда командасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский матч туралы журналистерге өз пікірін білдірді:
— Иван, Роман Григорчук бұл жеңісті Еурокубоктағы ең қиын матч деп атады. Келісесіз бе?
— Әрине, келісемін. Өте қиын ойын болды. Есеп 3:0 болғанымен, ойын барысында қауіпті сәттер көп болды. Тіпті қорғануға да тура келген сәттер де болды. Меніңше, Беларуссияда бізді бұданда ауыр матч күтіп тұрғаны анық. Қазір ең бастысы өз қалпымызға келіп, қарымта матчқа барынша дайындалу керек.
— Командалардың деңгейлері қаншалықты тең?
— Менің көзқарасым бойынша, күш жағынан екі команданың да деңгейі бірдей. Оны ойын барысында өздеріңіз де көрген боларсыздар. БАТЭ ойыншылары бірқатар қауіпті шабуыл ұйымдастырып, допты бақылау бойынша да бізден қалысқан жоқ. Иә, сәттілік біз жақта болған шығар, бірақ мен үшін командаларды күші бірдей.
— Логвиненконың шабуылда ойынғаны командаға көмектесті ме?
— Барлығы ойын жағдайындағы сәтке байланысты. Біз соңғы уақытта Юрий арқылы шабуылды ұмйысдастырып жүрміз. Ол шабуылда да, қорғаныста да сәтті ойын өрнегін көрсетіп жүр. Логвиненко өте ақылды ойыншы. Сондықтан ол барлық тапсырманы жоғары деңгейде орындайды.
— Юрий —екінші қабат бойынша Қазақстандағы үздік ойыншы ма?
— (Күліп) Менің ойымша, – иә. Оған талас жоқ.
— Өз еліңізге баратыныңызға қуаныштысыз ба?
— Әрине, өз үйіңе барған өте кермет. Бізді 90 минутқа созылатын қиын ойын күтіп тұр.
— Сенімді жеңіске жетсеңіздер де, сырт алаңда тек жеңіс үшін ойнайсыздар ма?
— Әрине, жеңіске жетуге тырысамыз. Бастысы – келесі кезеңге өту. Біз қазір тығыз кесте бойынша ойнап жатырмыз. Яғни, жексенбі және бейсенбі күндері. Апта сайын осы кесте қайталанып жатыр. Федерацияның бізбен кездескенін қалаймын. Біз 1 қыркүйекте «Оқжетпеспен» ойнаймыз. Қазақстан чемпионатындағы жалғыз команда ел намысын Еурокубок ойындарында қорғап жүрсе де, Федерация біздің кестемізді дұрыстап бере алмай жүргеніне таң қаламын. Дегенмен, бұл біздің де мәселеміз. Осы тығырықтан шығу үшін, қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.