АПЛ - ең үздік
Әлем футболы

АПЛ-да маусым енді басталды. Алғашқы «өрт» «Манчестер Ситиден» шықты

АПЛ-да маусым енді басталды. Алғашқы «өрт» «Манчестер Ситиден» шықты
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» ойыны кезінде «қалалықтардың» бас бапкері мен Серхио Агуэро арасында кикілжің орын алды.

Турдың орталық матчы барысында Пеп Гвардиола 66-шы минутта Агуэроны алаңнан алып, орнына Габриэл Жезусты шығарған болатын. Бас бапкердің бұл шешімі аргентиналық сұрмергенге ұнамады. Футболшы Пептың қолын алмады, сосын екеуінің арасында дау басталып кетті. Алаңдағы ойын өз жайына қалды. Бапкердің көмекшісі Микель Артета келіп екеуін ажыратпағанда арты төбелеске ұласып кетуі де мүмкін еді.

Матч аяқталысымен Пеп пен Агуэро бірін-бірі құшақтап, дау аяқталғандай әсер қалдырды.

- Ол мені дұрыс түсінбеді. Қақпамызға кірген гол үшін кінәлап жатыр деп ойлап қалды. Әсте олай емес. Өз қақпамыз маңындағы бұрыштама кезінде қақпа амандығы үшін шабуылшы жауап бермейді ғой. Біз кейін де бұл мәселені талқыладық. Мен оны футболшы ретінде қатты жақсы көремін - деп жағдайды түсіндіргендей болды испаниялық маман.

Осыған дейін Пеп Гвардиола, Агуэроның әлі күнге дейін ағылшын тілін жетік меңгермегенін, сонымен қатар, алаңда командаға көмектесуге ерінетінін сынға алған еді.

«Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды. Агуэро алаң қожайындарының екінші добын Уго Льорис қорғайтын қақпаға дарытты. Алайда екінші таймда Лукас Моура таразы басын теңестіріп кетті. Аргентиналық сұрмергеннің орнына алаңға кірген Жезус соңғы минутта «Манчестер Ситидің» жеңісті голын соққан. Алайда, төреші VAR-дың көмегімен ол голды есепке алмай қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер