Бокс

Садриддин Ахмедов әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына енді

Садриддин Ахмедов әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов әлемнің ең үздік 50 боксшысының қатарында.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов әлемдік IBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде 5 сатыға көтеріліп, 42-орынға жайғасқан. Осылайша, отандасымыз IBO тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 50 боксшысының қатарына қосылды.

Айта кетейік, Садриддин Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бұл Ахмедовтың шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісі болды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер