Бокс

Қазақстандық боксшылардың ең жылдам нокауттары

Қазақстандық боксшылардың ең жылдам нокауттары
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері үнемі жақсы техника мен жойқын соққымен әлемге танылып жүр.

Prosports.kz сайты Қазақстанның үздік боксшыларының қатысуымен болған ең жылдам бес нокауттың тізімін жасады.

Бұл тізімде әрине, Геннадий Головкин көш бастап тұр.

Геннадий Головкин – Марко Антонио Рубио

2014 жылы GGG Калифорния төрінде мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесті. Алғашқы раундта басымдығымен көзге түскен Головкин екінші кезеңде «ерекше» әдіспен қарсыласын нокаутқа түсірді.

Геннадий Головкин – Доминик Уэйд

2006 жылы қазақстандық боксшы жеңілістің дәмін татпаған америкалық Доминик Уэйдпен кездесті. Екінші раундта Головкиннің жойқын соққысына шыдамаған Доминик жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады.

\

Геннадий Головкин – Ванес Мартиросян

Өткен жылдың мамыр айында Геннадий Канелоға қарсы жекпе-жегі алдында армян ұлтынан шыққан америкалық боксшы Мартиросянмен кездесті. Уэйдпен салыстырғанда Ванес жақсы өнер көрсетті, алайда Ванес екінші раундта нокаутқа түсіп қалды.

Батыр Жүкембаев – Ное Нуньес

2018 жылдың наурыз айында Батыр Жүкембаев мексикалық Ное Нуньеске қарсы жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу тез арада аяқталды – жерлесіміз мексикалық боксшының «быт-шытын» шығарды.

Қанат Ислам – Хулио де Хесус

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға екі жылдық үзілістен соң оралса да, доминикандық Хулио де Хесусды 14 секундтың ішінде нокаутқа түсірді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер