«Қайрат» ес жиды. Төрт ойын қатарынан жеңіске жетті

«Қайрат» ес жиды. Төрт ойын қатарынан жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Ел чемпионатының 14-ші туры аясында «Оқжетпеске» қонаққа барған «Қайрат» үш ұпай олжалап қайтты, деп жазады Prosports.kz.

Көкшетау жерінде өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Маусым басында үлкен сәтсіздікке ұшыраған алматылық команда жыл ортасына қарай ес жиған секілді. Соңғы төрт турда қатарынан жеңіске жетіп, 12 ұпай еншіледі.

Салыстыру үшін айта кетейік, алматылықтар Премьер лиганың алғашқы 11 турында бар болғаны 16 ұпай жинаған. Ал соңғы 4 турда 12 ұпай еншілеп отыр. Осыдан-ақ, «Қайраттың» көші жүре түзелгенін байқауға болады.

Бұған команда капитаны Бауыржан Исламханның жарақатынан айығып, қатарға қосылуы да себеп болды. Бүгін де есепті дәл осы Бауыржан ашты. Ойынның 10-шы минутында әдемі гол соғып, осы маусымдағы клуб сапындағы алғышқы нәтижелі соққысын тіркелді. Екінші таймның бел ортасында Эсеола есептегі басымдылықты екі допқа жеткізген.

Ал алаң иерелі қонақтардың қос голына ойын аяқталар тұста ғана жауап қатты. Қосалқы құрамнан шыққан Санат Жұмаханов 90-шы минутта гол соқты.

Премьер лига. 14-ші тур.

«Оқжетпес» - «Қайрат» - 1:2

Гол соққандар: Жұмаханов - Исламхан, Эсеола

«Оқжетпес»: Багинский (Қ), Дмитриев, Зорич, Алмейда, Даиров, Ерсәлімов, Калинин, Кислицын, Рудосельский, Сапаров, Нөсербаев (Қ).

«Қайрат»: Покатилов (Қ), Миканович, Дугалич, Ахметов, Сүйімбаев, Вжесиньски, Қуат, Оразов, Косович, Исламхан (К), Эсеола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер