Исламхан биылғы алғашқы голын соқты. Видео

news-banner7
mobile-news-top

Премьер лиганың 14-ші туры аясында «Оқжетпеске» қонаққа барған «Қайрат» алғашқы болып гол соқты, деп жазады Prosports.kz.

Ойынның 10-шы минутында сол қапталдан шабуылдаған Бауыржан Исламхан командаласы Рамазан Оразовпен қысқа пас алмасудан кейін алыстан соққы бағыттап, әдемі гол соқты.

Осылайша, алматылық команданың капитаны биылғы маусымда клуб сапындағы алғашқы голсын соғып отыр. Бірақ ол 11 маусым күні ұлттық құрама сапында Сан-Марино қақпасына гол соққан болатын.

Айта кетейік, маусым басында жарақат алып қалған Исламхан қатарға мамыр айында ғана қосылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер