Әлем футболы

Хамес Родригес «Наполиде» бір жыл жалда ойнайды

Хамес Родригес «Наполиде» бір жыл жалда ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

«Наполи» мен «Реал» Хамес Родригестің трансфері бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

27 жастағы футболшы Италияда бір жыл жалда ойнайды. Алайда қос тарап ақша жағынан келісе алмай жатыр. Неапольдік клуб Родригес үшін 10 миллион еуро ұсынып отыр. Оған қоса бір жылдан соң футболшыны 30 млн еуроға сатып алмақ. Ал «корольдік клуб» 27 жастағы ойыншыны 55 миллион еуроға бағалап отыр. Алайда италиялық клуб бұл бағаға келіспейді. Олар Хаместі жалға алғысы келеді, немесе бағасын төмендетуді көздейді.

«Наполи» президенті Аурелио Де Лоурантистің пікірінше, Хамес «Реалді» бағаны төмендетуге көндіре алады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер