Бокс

Роллсты жеңген GGG қанша табыс тапты

Роллсты жеңген GGG қанша табыс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Нью-Йорк штатының Спорттық комисиясысының ресми мәліметтеріне сәйкес, Геннадий Головкин Стив Роллсқа қарсы жекпе-жегі үшін 2 млн доллар алады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Allboxing.ru порталына сілтеме жасап.

Алайда DAZN платформасынан алатын соманы қоссақ, GGG 15 миллион долларға ие болады екен. Стив Роллстың ресми гонорары 300 мың долларды құрайды.

Бокс кешіне қатысқан басқа спортшылардың гонорары мынадай: Исраил Мадримов — 48 мың, Маркус Макдэниэл — 45,25 мың, Әли Ахмедов — 25, Брайан Себальо — 25, Чарльз Конуэлл — 15, Норберто Гонсалес — 15, Кортни Пеннингтон — 13,5, Бақтияр Эюбов — 8000, Никита Абабий — 8000, Хуан Франсиско Лопес Барахас — 3500 доллардан.

DAZN-мен келісімшарт: «Канело» мен GGG қанша табыс табады?

Қара баланы қапы қалдырды. «Канело», қайдасың?
Головкин - Роллс жекпе-жегінің толық видеосы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер