Бокс

Қара баланы қапы қалдырды. «Канело», қайдасың?

Қара баланы қапы қалдырды. «Канело», қайдасың?
news-banner7
mobile-news-top

Жерлесіміз жеңісті жолына қайта оралды.

Орта салмақтағы бұрынғы чемпион Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін бүгін шаршы алаңға шықты. Әлемнің әр түкпірінен миллиондаған жанкүйерлер Головкиннің жекпе-жегін асыға күткені мәлім. Көпшілікті ойландырған Стив Роллстың шамасы емес, қазақстандықтың нешінші раундта құлатады дегені сұрақ болды.

Канадалық былғары қолғап шебері рингке сасқалақтап шықты. Шаршы алаңға шықпай жатып-ақ жеңіліске мойынсұнғаны көзге ұрып тұрды. Гена да баса-көктеп алға ұмтыла қойған жоқ. Бір-екі қуатты соққысымен қарсыластың шыдамдығын тексеріп көрді.

Екінші раундта Роллс өзін еркін сезіне бастады. Шабуылға шабуылмен жауап қатты. Тіпті, үшінші раундта соққыларын дарытып бақты. Үзіліс кезінде Головкин бапкерлерінің алаңдаушылығын байқадық. Бэнкс тезірек аяқтауды талап етті. GGG жанды жерін ұстайтынын жеткізді. Раундтың ортасына таяу Генаның әдемі комбинациясы өтті. Бетін түгел жауып алған қарсыластың жойқын соққысымен төбесінен топ еткізіп, тентіректетіп алды. Кейін сол қолымен жағынан жалп еткізіп, жерге бір-ақ сұлатты.

37 жастағы Головкин үшін бұл кәсіпқой бокстағы 39-шы жеңісі. 35 рет нокаутпен аяқтады. Статистиканың мінсіз болуына, өткен жылғы Сауль Альварестен жеңілісі кедергі болып тұр.

Альварес демекші, жекпе-жектен кейін GGG оны жекпе-жекке шақырды. Көрермен арасынан мексикалықты көре алмаған Қарағанды боксының түлегі: «қыркүйекте төбелесуге дайын екенімді айта барыңдар» - деді. Мексикалықтың промоутері Оскар Де Хойя Головкинді нағыз боксшымен жұдырықтасуға шақырды.

Жекпе-жек аяқталысымен, Головкин - Роллс кездесуіне берілген төрешілердің бағасы желіде жария болды.

Қазақстандықтың жаңа бапкері бокс кешінен соң, Головиннің нокаутын беске, шаршы алаңдағы төрт раундтағы өнерін төртке бағалайтынын мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер