Бокс

Головкин: Мен дайынмын, «Канело»

Головкин: Мен дайынмын, «Канело»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңгеннен соң Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды.

«Барлық жанкүйерлеріме алғысымды айтқым келеді. Өзінің мықтылығын дәлелдеген қарсыласыма да рақметімді айтамын.

Мен оны толықтай зерттеп шықтым. Сосын бапкеріме оны осал тұсынан ұстайтынымды айттым. Оның соққылары әлсіз болғандай. Еш сезінбедім. Енді өзімнің нокауттарыма қайта оралдым.

Келесі жекпе-жегімде кіммен жұдырықтасқым келетінін бәрі біледі. «Канеломен» кездескім келеді. Қыркүйекте өткізуге дайынмын. Дайын екенімді «Канелоға» айтыңыздар. Бұл бизнес екенін бәрі жақсы түсінеді», - деді Головкин жекпе-жектен соң.

Головкин Роллсты ауыр нокаутқа түсірді

Головкин Роллсты қалай нокаутқа түсірді. ВИДЕО

Головкин - Роллс жекпе-жегінің толық видеосы

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер