Бокс

Головкин Роллсты ауыр нокаутқа түсірді

Головкин Роллсты ауыр нокаутқа түсірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісінен соң рингке оралды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс.

Кездесу басталысымен қазақстандық боксшы шабуылға барып, қарсыласына бірнеше жойқын соққы тигізді. Роллс та сәт сайын қарымта шабуыл жасап тұрды.

Төртінші раундта Головкин жойқын соққылар жасап, америкалықты ауыр нокатуқа түсірді.

Айта кетейік, бұл Головкиннің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер