Бокс

DAZN-мен келісімшарт: «Канело» мен GGG қанша табыс табады?

DAZN-мен келісімшарт:  «Канело» мен GGG қанша табыс табады?
news-banner7
mobile-news-top

Бокс - қымбат спорт түрі. Мохаммед Алидің кезінен бастап аталмыш спортта қырғын сомалар айналып отырды. Соңғы жылдардағы ең бай боксшылардың тізімін алып қарасақ, рейтингтің басынан америкалық боксшы кіші Флойд Мэйуэзерді көреміз. Алайда ол спорттан кетті.

Қазіргі таңдағы ең бай боксшы - мексикалық Сауль Альварес. Өткен жылы Канело DAZN стримингтік сервисімен спорт тарихындағы рекордтық келісімге қол қойды. Келісімшарт бес жылға (11 жекпе-жек) есептелген, ал сомасы 365 млн долларды құрайды.

Осылайша, «Канело» әр жекпе-жегі үшін 33 млн доллар алады екен. Альварестің DAZN стримингтік сервисінде екі жекпе-жек өткізгенін ескерсек, 66 миллион доллар қолда. Ал бұған жарнама мен тағы да басқа табыстарды қоспай отырмыз.

Сауль Альварестің негізгі қарсыласы Геннадий Головкин арна таңдаумен ұзақ жүрді. Нәтижесінде GGG де DAZN-мен келісімшартқа қол қойды. Альвареске қарағанда, Головкиннің қаржылық жағдайы туралы жаңалық болмады. Тек келісімшартқа 2021 жылға дейін (алты жекпе-жектің) қол қойылғаны хабарланды. Келісімшарттың қаржылық жағы боксшының бұрынғы жаттықтырушысы Абел Санчес Головкинмен болған арадағы дау-дамайдан кейін ашып берді. Бапкердің айтуынша, GGG аталмыш телеарнадан 100 миллион доллар табыс табады екен.

Есептеп қарасақ, қазақстандық әр жекпе-жегі үшін 16 млн долларды еншілейді екен. Сонымен қатар, Головкин өзінің GGG Promotions компаниясын DAZN платформасында жарнамалай алады. Керемет ұсыныс.

DAZN-ге келетін болсақ, олар Альварес пен Головкин трилогиясының болуына барын салып бағуда. Жекпе-жек ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтуі ықтимал. Британиялық компанияның амбицияға толы жоспарларының бұзылмауы үшін GGG-ге әлсіз қарсылас таңдап берген шығар.

Оның үстіне, Геннадий Головкин де және оның промоутері Том Леффлер де аталмыш сервиспен Канеломен үшінші жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жасасқанын айтқан еді. Шындығында, басқа жағдайда трилогия өтпейтін еді...

HBO-ның бокс нарығынан кетуіне байланысты DAZN-ға көптеген есіктер ашылды. Негізгі жұлдыз, әрине, Саул Альварес. Тағы бір айтуға тұрарлық боксшы Энтони Джошуаны да ұмытпау керек. Қазақстандықтардың арасында DAZN-да Геннадий Головкиннен басқа Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те бар. Сондай-ақ жақын арада Әли Ахмедов осы сервис атынан Головкин - Роллс жекпе-жегінде жұдырықтасады.

Қорытындылай келе, Головкин дұрыс шешім қабылдағанын айта аламыз. Өйткені, ешқандай компания Стив Роллспен жекпе-жегі үшін 16 миллион доллар төлемейтін еді. Ал DAZN мұны жасайды.

Қайткенде де, «Канело» - GGG үшінші жекпе-жегін тағатсыздана күтеміз, ал бұған дейін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін Стив Роллсқа қарсы жекпе-жек күтіп тұр бізді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер