Владимир Газзаев «Қайратты» баптай ма?

Владимир Газзаев «Қайратты» баптай ма?
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» клубы «Тобылдың» бас бапкері Владимир Газзаевқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ресейлік маманға «Қайраттың» президенті Қайрат Боранбаевтың өзі қызығушылық танытып отыр. Ол Владимир Газзаевтың «Тобылдағы» нәтижесіне таңданысын жасырмаған. Қос тарап келіссөзді ұлттық құраманың ойындары кезіндегі үзілісте бастауы мүмкін.

Бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский жақын уақытта қызметінен кетуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз. Жас маман үш жылдық келісімшартқа қол қойғанымен оның алматылық клубтағы нәтижесі басшылықтың көңілінен шықпай отыр. Бізге мәлім болған ақпарат бойынша, «Қайраттың» басшылығы жаңа жаттықтырушыны іздестіруге кіріскен.

31 жастағы беларусь маманы алматылық ұжымдағы жағдайы мәз емес. 11 ойын өткізген «Қайрат» қазір ел біріншілігінде 6-орында келеді. 5 матчта жеңіске жетіп, 5 ойында жеңіліс тауып, 1 кездесуде тең түскен алматылық команданың қоржынында 16 ұпай ғана бар. Оған қоса, «Қайрат» Қазақстан Кубогы жолында қостанайлық «Тобылға» есе жіберген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер