Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Испания кубогының финалында екі «Реал» қалай кездесті

Испания кубогының финалында екі «Реал» қалай кездесті
news-banner7
mobile-news-top

1980 жылы 4 маусым түстен кейін «Сантьяго Бернабеуде» Испания кубогының финалдық матчы өтті. Финалда «Реал Мадрид» қарсыласын 6:1 есебімен талқандап, 14-ші мәрте патша кубогын жеңіп алды, деп жазады prosports.kz.

Бір қызығы «Реал» ойыншылары чемпиондық атағын тойлай бастағанда, қарсыластары да қатарға қосылып қуанышқа бөленді. Ақтық сында алты доп жіберіп, жеңілгеніне қарамастан қарсыласының чемпиондығын тойлаған «ақымақ» команда «Кастилья» болатын. Басқаша айтқанда, «Реал Мадридтің» екінші командасы.

Ендеше финалда екі «Реал» қалай кездесіп жүр?

79/80 жылғы Испания кубогына жалпы 18 фарм-клуб қатысады. Бұлардың ішінде «Реалдың» екінші командасы «Кастилья» ойыншыларының орташа жасы 20 жас еді. Әрі командада жасы 23-тен асқан ойыншы болған жоқ. Мамандар бұл командада жастық жалын болғанымен тәжірибе жоқ, сондықтан бұлар алысқа бара алмайды деп есептеді.

Реал Мадрид - Реал Мадрид Кастилья

Реал Мадрид - Реал Мадрид Кастилья

Алайда олар жолында кезіккеннің бәрін жеңіп, финалға жетті. Ең кереметі, 1/8 финалда Испанияның байырғы мықтыларының бірі — «Атлетик Бильбаоды» жеңді. Ал ¼ финалда «Реал Сосьедадты» жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда «Спортинг Хихон» да олардың жолын бөгей алмады. Сөйтіп, ешкім күтпеген жерден «Кастилья» патша кубогының финалына бірақ шықты.

Ал ақтық сында өздерінің «ағалары» күтіп тұрған еді. 1980 жылы 4 маусым «Сантьяго Бернабеуде» 78-ші кезекті Испания кубогының финалы өтті. Ел кубогының финалы болса да, қарсыластар бір клубтан болғандықтан, бейне бір клубтың бірінші-екінші командасы арасындағы жаттығу матчы секілді еді. Алайда ойынды тамашалауға 65000 жанкүйер жиналды.

Матч бастала сала «Кастилья» үлкен қысымға тап болды. Себебі, Испанияда ғана емес, Еуропада алпауыт команда саналатын атақты «Реал Мадридке» қарсы тұру оғай емес еді. Гол көп күттірген жоқ. Ойынның 20-шы минутында Хуанито айып алаңындағы қарбаластықты пайдаланып есеп ашты. Екінші гол 42-ші минутта соғылды. Гол авторы — Сантильяна.

Ал екінші таймда төрт гол соғылды. Есеп 4:0-ге жеткенде «Кастилья» сапынан Рикардо Альварес алыстан бағыттап, бір гол соқты. Алайда бұдан арыға шамалары жетпеді. Қорытынды есеп 6:1 болды.

Матч аяқталған соң екі команданың ойыншылары қосылып, чемпиондықты тойлады. Осылай болары екібастан белгілі болды. Себебі, кім жеңсе де «Реал Мадрид» футбол клубының жеңісі еді. Испанияның футбол тарихында осындай да қызықты сәттер болған.

âreal madrid castilla 1980âçå¾çæç´¢ç»æ

Бірақ бүгінгі таңда бұндай жағдай орын алуы мүмкін емес. 90/91 жылғы жаңа ереже бойынша, командалардың фарм-клубтары Испания кубогына қатыса алмайды.

Реал Мадрид - Реал Мадрид Кастилья - 6:1

Гол соққандар: Хуанито 20', 89', Сантильяна 42', Андрес Сабидо 59', дель Боске Гол 62', Франсиско Гарсиа Эрнандес 82' - Рикардо Альварес Гол 80'

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер