Жаға ұстатты
Әлем футболы

Қазақстанмен ойыннан соң ресейлік тарап жазалануы ықтимал

Қазақстанмен ойыннан соң ресейлік тарап жазалануы ықтимал
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА жедел түрде Қазақстан – Ресей матчындағы ресейлік секторда көрсетілген саяси баннерге қатысты жағдайды қарастырады.

Бұл туралы журналист Василий Конов жазды. Нұр-Сұлтанда өткен ойын барысында ресейлік фанаттар серб тілінде жазылған баннер көтерді: «Не заборави никад 24.03.1999». Қазақшаға аударғанда бұл «Ешқашан ұмытпаймыз» дегенді білдіреді. Ресейлік жанкүйерлер осы арқылы 1999 жылы Югославияны бомбалау жағдайына назар аудартпақ болған.

Бұл оқиға матчтан кейінгі хаттамаға енбеген, бірақ ереже бұзылған жағдайда УЕФА ресейлік тарапты жазалауы ықтимал.

Айта кетейік, Ресей құрамасы Қазақстанды «Астана Аренада» 4:0 есебімен ұтқан болатын.

Ал Югославияны бомбалау операциясы 1999 жылы 24 наурыздан 10 маусымға дейін жалғасқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер