Әділбек Жақсыбеков: Қазақстан футболшылары Наурыз мейрамына тамаша сыйлық жасады
- Қазақстан футбол федерациясының атынан барша отандастарымызды айтулы жеңіспен құттықтаймын! Қазақстан футболшылары барша қазақстандықтарға Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында тамаша сыйлық жасап, ел мақтанышына айналды. Қазақстан құрамасы мыңдаған жанкүйерлердің қолдауымен жиі шабуылға араласып, көздеген мақсаттарына қол жеткізді. Михал Билек шәкірттеріне қарсылас қарсы тұра алмады. Біздің команда әрі қарай да жанкүйерлерге қуаныш сыйлайтынына кәміл сенемін. 24 наурыз күні Ресей құрамасымен жауапты ойын күтіп тұр. Барша жанкүйерлер бірігіп, ұлттық құрамаға деген сенімін мәңгі сақтайды деп үміттенемін. Алға, Қазақстан!, - деді Қазақстан футбол федерациясының Президенті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или