Сенсация! Қазақстан Шотландияның «шатын айырды»

Сенсация! Қазақстан Шотландияның «шатын айырды»
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан елордасында ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Біздің команда «Астана Аренада» Шотландияны қабылдады.

Ойынның 6-минутында Александр Меркель әріптесі Юрий Перцухқа пас шығарды. Осылайша, алғашқы гол да тез соғыла кетті.

Арада төрт минут өткенде құрама капитаны Исламбек Қуат гол соғатын мүмкіндік жасап, Ян Вороговский ойынның есебін үстемеледі.

Ресейдің «Ростов» командасында ойнап жүрген Бактиёр Зайнутдинов баспен қақпаға үшінші голды соқты.

Осылайша, «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль», «Фулхэм», «Саутгемптон», «Астон Вилла», «Селтикте» ойнайтын футболшылары бар шотландиялық қарсыластарын жерлестеріміз оп-оңай ұтып кетті.

Еуропа чемпионаты - 2020. Іріктеу кезеңі.

Қазақстан — Шотландия 3:0 (2:0)

Гол: Перцух 6 (1:0), Вороговский 10 (2:0), Зайнутдинов 51 (3:0)

Ескерту: Меркель 38 — Шинни 83

Қазақстан: Непогодов, Малый, Ерланов (Ахметов 81), Постников, Қуат, Перцух, Вороговский, Мұртазаев (Турысбек 68), Сүйімбаев, Зайнутдинов (Мужиков 84), Меркель

Шотландия: Бейн, Палмер, Шинни, Макгинн (Мактоминей 70), Бейтс, Маккена, Форрест (Макналти 81), Макгрегор, Макберни (Расселл 61), Армстронг, Берк

Бас төреші: Срджан Йовановия (Сербия)

21 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана-Арена» 27 641 көрермен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер