ММА

Хабиб Нурмагомедов 9 айға спорттан шеттетілді

Хабиб Нурмагомедов 9 айға спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегорға қарсы төбелес шығарғаны үшін спорттан тоғыз айға шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Невада штатының Атлетикалық комиссиясы осындай шешім шығарды. Алайда, тек АҚШ аумағында спорттан шеттетілген Хабибке басқа жерлерде турнирлерге қатысуына болады.

Ресейлік спортшыға 500 мың доллар айыппұл төлеу міндеттелді. Зубайра Тухугов пен Абубакар Нурмагомедовке төбелеске қатысқаны үшін спорттан бір жылға шеттетіліп, 25 мың доллар көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 6 қазан Лас-Вегаста өткен UFC 229 турирінде Нурмагомедов төртінші раундта МакГрегорды тұншықтырып тастаған еді.

Алайда кездесу біте салысымен Нурмагомедов октагонның қоршауынан асып түсіп, қарсылас команданың өкілдерімен төбелесе бастады. Макгрегор да соңынан ұмтылып еді, оны ешкім жібермеді.

Түпнұсқасы: ТАСС Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер