Жаға ұстатты
ММА

Хабиб Нурмагомедовке қатысты санкция қолданылды

Хабиб Нурмагомедовке қатысты санкция қолданылды
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дэйна Уайт ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жегінен кейінгі жанжалдың салдарына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Еске сала кетейік, алдымен Нурмагомедов октагонның торынан қарғып түсіп, Макгрегордың спарринг серіктесі Диллон Дэниспен төбелесе бастады, содан кейін торға Хабиб командасының өкілдері кіріп, ирландиялыққа жұдырық ала жүгірді.

«Макгрегордың гонорары мақұлданды, ал Нурмагомедовтың гонорары оқиғаны тергеу кезінде бұғауда болады», — деді Уайт.

Бұған дейін Нурмагомедов екі миллион доллар, ал МакГрегор үш миллион доллар алуы тиіс екенін хабарланған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер