ММА

Нурмагомедов - Макгрегор: жекпе-жек жаппай төбелеспен аяқталды

Нурмагомедов - Макгрегор: жекпе-жек жаппай төбелеспен аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов қарсыласы Конор Макгрегорды ұтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Кездесу төртінші раундта аяқталды. Бүкіл жекпе-жек бойы басымдық танытқан ресейлік спортшы төртінші раундта қарсыласын қылқындырып тастады.

Жекпе-жек аяқтала салысымен Хабиб Нурмагомедов ирландиялық спортшының бапкері мен командасына жұдырық ала жүгірді. Артынша ресейлік спортшының бапкері мен командасы сегізбұрышқа кіріп, Конор Макгрегормен шүйлігісіп қалды. Осылайша жекпе-жектің соңы жаппай төбелеске айналды.

Әзірге Хабиб Нурмагомедовтың бұл қылығына қандай шара қолданатыны белгісіз. Дегенмен ресейлік спортшы жекпе-жектен шеттетуі әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер