Criminals
Футбол

Танымал футболшы әйеліне қиянат жасап сотталды

Танымал футболшы әйеліне қиянат жасап сотталды
news-banner7
mobile-news-top
«Вест Хэм Юнайтед» клубының бұрынғы қорғаушысы чех Томаш Ржепка бұрынғы әйелінің атынан интим-қызмет ұсынғаны үшін бас бостандығынан айырылды.

44 жастағы Ржепка желіде өзінің бұрынғы әйелі Владки Ербованың атынан интимдік қызметтің жарнамасын таратқан. Бұл іске оған Катерина Кристелова атты ару көмектескен екен.

Аталған қылмыстық әрекеті үшін чехиялық футболшы алты ай түрмеге жабылды. Ал оның сыбайласы екі мың еуро айыппұл төлейтін болды.

- Мен өз ісім үшін өкінемін. Менікі дұрыс болмады. Бірақ, мен бұынғы әйеліммен жақсы қарым-қатынаста емеспін , - деді Ржепка.

Сондай-ақ, азамат бұл іске ұлын көре алмай жүргені себеп болғанын айтты. Томаш Ржепка Чехия құрамасында 46 ойын өткізген. Ол еуропалық клубтарда танытқан көрсеткіштерімен танымал. Атап айтсақ, футболшы италиялық «Фиорентина» клубымен Италия кубогын жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер