Жаға ұстатты
ММА

ММА чемпионын өлтірген сәт. Видео

ММА чемпионын өлтірген сәт. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Ғаламторда ММА-ден Өзбекстан чемпионы Джамшид Кенжаевтың қайтыс болған сәті бейнелеген видео жарияланды.

8 тамыздан 9-на қараған түні Ташкенттегі «Аурум 898» түнгі клубында Кенжетаевтің қатысуымен жанжал болып, соның салдарынан спортшы қайтыс болған еді.

Видеода төбелес басынан аяғына дейін толық түсірілген. ММА чемпионы мен оның қасындағы жолдасын он шақты адам жабылып ұрған. Жерге құлатып тастап, тепкен, бита және столмен соққы жасаған. Кейін арасындағы біреуі спортшыдан пышақты тартып алып, жүрек тұсынан бірнеше рет сұғып алады.

Джамшид Кенжаев ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер спортшының өмірін сақтап қала алмады. ММА чемпионы 25 жасында дүниеден өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер