«БИІК-Қазығұрт» ЧЛ іріктеу кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді
<span>«БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы Латвия астанасы Ригада өтетін Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді</span>, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шымкенттік футболшылар алғашқы ойында Грецияның «Академия Элпидес Кардитсас» командасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Қазақстандықтар сапынан қос голды <span>Гульнара Габелия мен Фазила Иквапу</span> салған.
Ал екінші ойында қазақстандық команда Латвияның РФШ командасымен кездесті. Бұл кездесуде де шеберлігі басым шымкенттік қыздардың жолы болды. Қарсыласын 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Осылайша, алғашқы екі ойында да жеңіске жеткен біздің команда өз тобында көш бастады.
Чемпиондар лигасы. Іріктеу кезеңі
«БИІК-Қазығұрт» - РФШ (Латвия) - 5:0
Гол соққандар: 4' Kravets D, 7' Ihezuo C, 45+1' Ikwaput F, 59' Ikwaput F, 83' Babshuk Y.
Бас төреші - Ифеома Кулмала (Финляндия); көмекшілері - Хейни Хювенен (Финляндия) және Андрада Аломан (Испания). Қосалқы төреші - Марта Фриас Аседо (Испания).
«БИІК-Қазығұрт» келесі кездесуін австриялық «Ландхаус» командасына қарсы өткізеді. Матч 13 тамызға жоспарланған.
Шымкенттік клуб Чемпиондар Лигасына алғаш рет қатысып отырған жоқ. Өткен маусымда «Биік-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымына дейін шығып, турнир жеңімпазы атанған Францияның «Лион» командасына есе жіберген еді.