«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
<span>«БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы Латвия астанасы Ригада өтетін Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады</span>, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шымкенттік футболшылар алғашқы ойында Грецияның «Академия Элпидес Кардитсас» командасын 2:1 есебімен жеңді. Қазақстандықтар сапынан қос голды <span>Гульнара Габелия мен Фазила Иквапу</span> салды.
«БИІК-Қазығұрт» келесі ойынын Латвияның РФШ командасына қарсы өткізеді.
Шымкенттік клуб Чемпиондар Лигасына алғаш рет қатысып отырған жоқ. Өткен маусымда «Биік-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымына дейін шығып, турнир жеңімпазы атанған Францияның «Лион» командасына есе жіберген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или