Түркиялық команда алаңға Месут Озилдің суреті салынған жейде киіп шықты (фото)

Түркиялық команда алаңға Месут Озилдің суреті салынған жейде киіп шықты (фото)

Түркияның «Ени Малатьяспор» клубы «Арсенал» -дың жартылай қорғаушысы мен Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Месут Озилді қолдады. Бұл туралы Eurosport.ru сайтына сілтеме жасап Prosports.kz хабарлайды.

«Газишехир Газиантеп» клубына қарсы өткізілген жолдастық кездесуде «Ени Малатьяспор» клубы алаңға «Біз сенімен біргеміз. Нәсілшілдік жол жоқ» деген жазбасы бар Месуттің суреті салынған жейде киіп шықты.

Футболдан әлем чемпионаты басталмай тұрып, Озил мен Германия құрамасында ойнайтын тағы бір этникалық түрік Илкай Гюндоган Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен кездескен болатын.

Дәл осы кездесуден кейін қос футболшы үлкен сынның астында қалып, кейін Месут Өзіл ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеген еді.

Саясат құрбаны болған Месут Озил құрамадан кетіп тынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или