PROспорт-блог
Әлем футболы

Саясат құрбаны болған Месут Озил құрамадан кетіп тынды

Саясат құрбаны болған Месут Озил құрамадан кетіп тынды
news-banner7
mobile-news-top

Дау неден басталды?

Ағымдағы жылдың мамыр айында Озил жарақат алып, «Арсеналдың» Арсен Венгермен қоштасу матчына қатыса алмады. «Мен әлем чемпионатына дейін сауығып, қалыпқа келуім керек» деді Месут. Ол кезде Германия әлем чемпионатындағы басты фавориті, ал Месут – құраманың көшбасшысы әрі маңызды ойыншысы болып саналды.

15 мамырда белгілі болғандай, Озил жарақатына байланысты алған демалысына орай өзінің құрамадағы досы Илкай Гюндоганмен бірге этникалық Отаны – Түркияға ұшып кетті. Бәрі ойдағыдай болар ма еді...егер футболшылардың ел президенті Реджеп Эрдоганмен кездеспесе?! Себебі, көптеген немістер үшін бұл саясаткер – өзінің мүддесі үшін түрлі жалған әрекеттерге баратын адам... Месутпен кездесу алдында шенеунік Германияны тыңшылыққа айыптап, осылайша арада дау-дамай туындаған болатын.

Реджеп Эрдоганның партиясы Германия құрамасының футбошыларымен кездесу кезіндегі суреттерді жариялап, дауды одан сайын өршітті. Кейбіреулер президент өзіне мықтап пиар жасады деп ойлайды, себебі елде түрік ұлтынан шыққан «Арсенал» мен «Манчестер Сити» ойыншыларын қатты құрметтейді.

Германия қандай көзқараста болды?

Германия таңданыста қалды. Қарапайым адамдар футболшылардың әлеуметітк желі қарғап-сілеп, қорқыта бастаса, БАҚ өкілдері, тіпті құрама жаттықтырушысы Левте қатал сынға алды. Мысал келтірер болсақ:

«Озил мен Гюгдоган оларды қабылдаған елге сатқындық жасаса...әрине, оны саясаткерлер барынша пайдалануға тырысады. Мұндай адамдары бар көрші елден ешөандай жақсылық күтуге болмайды» («Der Spiegel»газеті).

«Футбол және DFB (Неміс футбол одағы) Эрдоған құрметтемейтін құндылықтарды ұстанады. Біздің ойыншыларымыздың осындай саясаткерлердің сайлау науқаны алдындағы манипуляциясына іліккені өкінішті» (Неміс футбол одағының президенті Рейнхард Гриндель).

«Ешкім де арғы ата-тегі шыққан елге баруға тыйым салмайды. Алайда, мұның өзі деспотты даңқтау дегенді білдірмейді» (Солтүстік Рейн-Вестфалия басшылығы хатшысы)

«Озил мен Гюндоган орнын Германияны құрмет тұтатын ойыншыларға босатып беруі тиіс. Түрік президентін емес...» (Германиялық партия басшысы Йерн Кениг)

«Орынсыз әрекет... Бұл жағдай оларға сабақ болуы керек, Месут және Илкайдың қылығын талқыға салу керек» (Йоахим Лев).

Гюндоган не деп жауап берді?

Гюдоган екі рет өзін ақтап бақты. Ең алдымен немістік БАҚ өкілдері арқылы: «Бұл сыпайылықтың белгісі. Өзіміздің түп-тамырымыз тараған өлкені құрметтегеніміздің белгісі. Артық ештеңе де емес».

Кейін өзінің инстаграм парақшасында: «Германияға және ұлттық құрамаға алғысым шексіз, бірақ менің қаным – түрік, ұлтым-түрік. Ата-анам дүниеге келген жерді, ата-әжем тұратын елді де құрмет тұтамын. Мен өз әрекетімнің қатты сынға алынғанын да түсінемін. Бірақ та, мені өзім туып өскен елімді, неміс футбол одағын құрметтемеді деп айыптағаны жаныма қатты батты. Ең алдымен, мен - Германия азаматымын».

Озил не деп жауап қайтарды?

Озил ешқандай да жауап қайтармады. Әлем чемпионаты алдында Ресей халқына орыс тілінде жазып, өзінің орыс халқының мәдениетін зерттеуді армандайтынын айтты. Сонымен қатар, матчтан түскен горонрарын Ресейдегі жүрегі науқас балаларға беретінін хабарлады.

Бірақ та, немістер мұны назар аудару үшін жасалған әрекеттер деп бағалап, одан әрі Месуттің шамына тиді. Оның үстіне Сауд Арабиямен болған матчта жарақат алған футболшыны Мексикамен кездесу алдында қорқақтық танытты деп айыптады.

Әлем чемпионаты кезінде не болды?

Сауд арабиясымен болған матчта допқа аяғы тиген Гюндоғанға неміс жанкүйерлері айғаймен барынша наразылық білдірді. Жанкүйерлерге шағымданған Команда атынан Мэтс Хаммельс сөз алды: «Көрермендер бізді қолдамады. Бәрі Илкай допты алғанын күтіп тұрды. Бұл енді қайталанбауы керек. Әрқайсысымыз кем дегенде бір рет те болсын қателесеміз. Озил мен Гюндоған жаман қылық жасады деп ойламаймын».

Тіпті канцлер Ангела Меркельдің өзі жағдайға араласты: «Бізге осы ойыншылар ауадай қажет. Жанкүйерлер наразылық білдірмей, керісінше шапалақтап жатса, мен бақытты боламын ».

Озил әлем чемпионатында ойнай алды ма?

Егер жалпы нәтиже туралы айтатын болсақ - жоқ. Егер Месутке келсек – иә. Кореямен кездесуде жартылай қорғаушы жалғыз өзі көзге түсті. Ол әріптестеріне жеті рет гол салуға мүмкіндік жасады (әлем чемпионатының рекорды). Сондықтан, чемпиондардың ерте ойыннан шығып қалуына Месут Озилді кінәлау – қисынсыз жағдай.

Әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін не болды?

Әлем чемпионатынан ерте шығып қалғаны үшін құраманың жанкүйерлері Озил мен Гюндоғанды қудалауды одан әрі күшейтті. Нәтижесінде тіпті құрама менеджерінің өзі плей-оффтан шыға алмағанына Месутті кінәлі деп тапты: «Турнирге дейін Эрдоғанмен кездескені үшін Озилді алып тастау туралы ойлану керек еді. Біз топтағы ойындардағы сәтсіздіктен аулақ болар едік»(Германияның ұлттық командасының бас менеджері Оливер Бьерхоф) «Месут көңілі қалып, әбден қорланады. Өз жанкүйерлері оны сыйламады - бұл масқара. Ол әрқашан ақталуға тиісті емес. Месут неміс құрамасында тоғыз жыл ойнап, әлем чемпионы атанды. Егер біз ұтсақ, онда оны бірге жасаймыз да, ал ұтылсақ - бәріне Месут кінәлі» (Месут Озилдің әкесі).

Озил қалай әрекет етті?

Басшылық тарапынан да, жанкүйерлері тарапынан да әбден қысым көрген футболшы мынадай мәлімдеме жасады.

1. «Соңғы екі аптада ойлануға уақыт алдым. Көптеген адамдар сияқты менің тегім де бір елдің шекарасынан шығып жатады. Мен Германияда өстім, бірақ қанымда түрік тамыры бар. Мамыр айында Лондондағы өткен қайырымдылық мен президентпен кездестім.

Ал 2010 жылы алғаш рет Ангела Меркельмен Берлиндегі Германия-Түркия матчы кезінде танысқан болатынбыз.

Біздің Түркия президентімен бірігіп түскен суретіміз немістік БАҚ өкілдері арасында наразылық тудырды. Барлығы мені саясатты ұлықтады деп ойлады, расында, олай емес...

2. «Ұзақ толғаныстан кейін енді неміс құрамасына ойнамаймын деп шешім қабылдадым. Мен нәсілшілдік пен әділетсіздікті сезінемін. Мен ұлттық құраманың жейдесін мақтанышпен, қуанышпен кидім. Мұндай шешім қабылдау өте қиын болды. Мен әрқашан команданың, жаттықтырушылардың және жанкүйерлерімнің көңілінен шығуға барынша тырыстым.

Бірақ жоғары лауазымды шенеуніктер менің түрік тамырыма құрметсіздікпен қарады және мені саясатты насихаттады деп айыптады. Маған бұл ұнамайды. Нәсілшілдікке жол жоқ»



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер