Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Хорватия – Англия: Ақтық сыннан кімді көреміз

Хорватия – Англия: Ақтық сыннан кімді көреміз
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде жалауын көтерген Әлем біріншілігі жанкүйер қауымның жанарын жаулап алғаны сөзсіз.

Ғаламдық доданың топтық кезеңі аяқталып, плей-кезеңінің көрігі қызып жатыр. Анығын айтқанда Әлем біріншілігі аяқталуға жақын. Алда бар болғаны үш матч ғана қалды.

Биыл жартылай финалға тек еуропалық құрамалар жолдама алды. Кеше алғашқы жартылай финалдық матч өтіп, Бельгия құрамасын жеңген Франция футболшылары финалға шықты. Ал бүгін ақтық сынға берілер екінші жолдаманы Хорватия мен Англия құрамалары сарапқа салады.

Хорватия мен Англия жартылай финалға жетеді деп көп адам күткен жоқ. Бірақ, бұл құрамаларды жартылай финалға лайық емес дей алмаймыз. Хорватия топтық кезеңдегі үш ойында да жеңіске жетті. Тіпті, Месси бастаған Аргентина құрамасын 3:0 есебімен талқандады. Ал Англия құрамасы өзінің өткір шабуыл, әдемі ойынымен көрермен көңілінен шығып келеді.

Демек, бүгін де бір тартысты матчқа куә боламыз деп сеніммен айтуға негіз бар.

Болжам: Қосымша тотал (2) көп - 2.16 коэфицент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер