Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Хорватия – Англия: Тәжірибе мен жастықтың жарысы

Хорватия – Англия: Тәжірибе мен жастықтың жарысы
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалы аясында «Лужники» стадионында Хорватия мен Англия құрамалары кездеседі, деп жазады prosports.kz.

Жарты әлемнің жанарын жаулаған жаһандық доданың шымылдығы жабылар сәт жақын. Кеше алғашқы жартылай финалдық матч өтіп, Бельгия құрамасын жеңген Франция футболшылары финалға шықты. Ал бүгін ақтық сынға берілер екінші жолдаманы Хорватия мен Англия құрамалары сарапқа салады.

Жартылай финал

Ховатия - Англия (Астана уақыты 00:00). Келесі кезеңге өту мүмкіндігі: 45%-55%

Чемпионат басталмас бұрын бұл командалардың жартылай финалға жетеріне сенгендер саны көп болған жоқ. Англия футболдан дәстүрлі азулы құрама болғанымен, халықаралық ірі турнирлерде фаворит болудан қалғалы аз уақыт болған жоқ. Ал хорватиялықтар болса әлем футболында екінші деңгейдегі команда саналады.

ç¸å³å¾ç

Бірақ, бұл құрамаларды жартылай финалға лайық емес дей алмаймыз. Хорватия топтық кезеңдегі үш ойында да жеңіске жетті. Тіпті, Месси бастаған Аргентина құрамасын 3:0 есебімен талқандады. Ал Англия құрамасы өзінің өткір шабуыл, әдемі ойынымен көрермен көңілінен шығып келеді.

Хорватия құрамасы - жартылай финалға сәл шаршаңқы жетті. құрамында 30 жастан асқан ойыншылардың саны көп. Оның үстіне плей-офф кезеңіндегі екі кездесуі де 120 минутқа созылды.

Қорғаушылары тым сенімді емес. Айып добынан гол соғуға жүріп тұрған Англия футболшыларына қарсы қиындық туындауы мүмкін. Осындай стандартты жағдайда құраманың бар сенері қақпашы Субашич пен шабуылшы Манджукич ғана. Тағы бір жағымысыз жаңалық, оң қапталдағы негізгі қорғаушысы Врсалько жарақатына байланысты Англияға қарсы ойнамауы мүмкін.

Бұлар Хорватия құрамасының осал тұсы. Бұған қарап хорваттарда Англияға қарсы еш артықшылық жоқ демеңіз.
Ең алдымен Хорватия құрамасында әлемдегі ең үздік жартылай қорғаныс шебі бар. Модрич пен Ракитич жұбы құраманы өрге сүйрейтін басты күш болмақ.

ç¸å³å¾ç
Хорватия футболшылары дәл осындай ірі халықаралық турнирлерде гол соқпай кетпейді. Еуро-2016 мен осы кезекті Әлем біріншілігін қоса есептегенде 9 матчтың тек біреуінде ғана гол соға алған жоқ. Оның өзі қорғанысы тас қамал Еуропа чемпионы Португалияға қарсы ойын болатын.

Бұдан бөлек, хорват футболшылары қос қапталмен жақсы шабуылдайды. Бұл Англия құрамасының 3-5-2 тактикасына қарсы өнімді болуы мүмкін.

Англия құрамасы - жартылай финалға дейінгі жолы тым ауыр болған жоқ. Қарсыласымен салыстырғанда тың күші әлі бар. Ойыншыларының орташа жас мөлшері 26 жас. Өте жас.

Хорватияның әлсіз тұсына сай келгендей - айып добын өте жақсы пайдаланады. Ресей жерінде соққан 11 голының 8-і айып добының жемісі.

âcroatia englandâçå¾çæç´¢ç»æ

Ойыны тұрақты, соңғы 15 матчтың біреуінде ғана жеңілді. Оның өзі топтан шығу мәселесін шешіп тастағаннан кейінгі, Бельгияға қарсы ойын.

Ал кемшіл тұстары, Әлем чемпионатында өткізген бес ойынның төртеуінде өз қақпасына гол жіберіп алды. Әрі әлі шын мықты құрамаға кездесе қойған жоқ. Жартылай финалға шығуына сәл сәттілік жолдас болды. Нақ сыналар сәті енді туды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер