Live
Спорттағы коронавирус
Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Франция – Бельгия: Әлем чемпионатындағы ең қымбат матч

Франция – Бельгия: Әлем чемпионатындағы ең қымбат матч

Қос құрама да Әлем чемпионатының басты фавортиттері. Бұл сөзді футбол мамандары чемпионат басталмай тұрып айтқан. Бүгінде сол сөз шындыққа айналып, жартылай финалда жолдары түйісіп отыр. Бұл матчтың финалға бергісіз болатыны сөзсіз.

Жартылай финал

Франция- Бельгия (Астана уақыты 00:00). Келесі кезеңге өту мүмкіндігі: 51.8% - 48.2%

Қос құраманың құрамының қуаттылығы жайлы қайталап айтып отырудың қажеті жоқ. Футбол жанкүйерлерінің бәрі іштей сезіп отыр. Чемпионат басталмай тұрып топ жарады деп күтілген командалардың ішінде үмітті ақтағаны осы екеуі ғана екенін баста айттық. Енді ақтық сынға жол ашатын жалғыз жолдама кімге бұйыратыны бүгін белгілі болады.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ france belgium

Франция осы кезекті Әлем чемпионатына қатысушы құрамалардың ішінде құрамы жағынан ең мықтысы. Құрамындағы 23 футболшының трансферлік құны 1,08 миллиард еуро. Мамандар Францияның финалға шығу мүмкіндігін 51.8% деп мөлшерлеп отыр. Ал әлем чемпионы атану мүмкіндігі 29.1%.

Бельгия құрамасының да француздардан қалыспайтынын айттық. 23 футболшысының трансфер нарығындағы бағасы 758 миллион еуро. Екі құраманың жалпы құны 1,838 миллиард еуроны құрап отыр. Мамандардың есебінде Бельгия футболшыларының келесі кезеңге өту мүмкіндігі 48.2%, чемпион атану мүмкіндігі 26.1%.

FIFA рейтингісіндегі орны:

Франция – 7, Бельгия – 3.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ france belgium

Бір айта кетерлігі, Франция құрамасы Әлем чемпионаты тарихында VAR жүйесінің көмегімен пенальти орындаған бірінші команда саналады. Топтық кезеңдегі Аустралиямен өткен ойында Гризманн 11 метрліктен гол соққан болатын. Осыған қарағанда француздардың қуаты мықты болумен қатар «сәттілік періштесі» де бұлармен бірге жүрген көрінеді. Бұл сөзіміздің тағы бір дәлелі, ширек финалдағы қарсыласы Уругвайдың бас шабуылшысы Кавани жарақатына байланысты, Францияға қарсы алаңға шыққан жоқ.

Бельгия құрамасы Ресейде өткізген 5 матчта 14 гол соғып үлгерді. Осы 14 голды 9 футболшы соққан екен. Демек, бельгиялықтар гол соғу жағынан да, гол соққан адам саны жағынан да бірінші орында тұр. Бұл дегеніңіз олардың тек бір-екі ойыншыға ғана иек артатын құрама емес екенінен дерек береді. Керек кезінде кім болса да гол соғуға дайын деген сөз.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ france belgium

Қос құрама Әлем біріншілігі тарихында 6 мәрте кездескен. Француздар 4 ойында жеңген. Қалған екі матчтың бірінде жеңіліп, бірінде тең түскен. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда Францияның бәсі басым екені сөзсіз. Олардың 1998 жылы әлем чемпионы атанғанын да білеміз. Ал Бельгия құрамасының ғаламдық додадағы ең жақсы нәтижесі жартылай финал. Бірақ, тарихи нәтиже ештеңені белгілей алмайды. Дәл қазіргі таңда қос құраманың қуаты қарайлас. 

Тағы бір назар аударатын жағдай, егер биыл Франиця құрамасы топ жарып жаста, бас бапкер Дидье Дешам Әлем чемпионатын әрі ойыншы, әрі бапкер ретінде жеңген үшінші адам болмақ. Бұндай атаққа бұған дейін Марио Загалло (Бразилия) мен Франц Беккенбауэр (Германия) қол жеткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Чемпионат Мира По Футболу 2018

Чемпионат Мира По Футболу 2018

Последние новости о чемпионате мира по футболу 2018 в России

Пікірлер 0