Ел не демейді ...
Футбол

Роналду «Реалдан» жазда кетуі ықтимал

Роналду «Реалдан» жазда кетуі ықтимал
news-banner7
mobile-news-top

Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду мадридтік «Реалдан» кету туралы соңғы әрі нақты шешім қабылдады, – деп жазады Record.

Мұндай шешімге испаниялық клуб президенті Флорентино Перестің ойыншымен жақсартылған келісімшарт жасасу туралы уәдесін бұзуы себеп болғаны хабарланып отыр. Қазіргі келісім 2021 жылға дейін жасалған. Бұл келісімді бұзу үшін бір миллиард доллар көлеміндегі төлем португалиялық футболшыға емін-еркін кетуге бөгет болып отыр.

Marca ақпараты бойынша, «Реалдың» бас директоры Хосе Анхель Санчес сейсенбіде футболшының агенті Жорже Мендешпен кездесу өткізіп, клуб футболшының сұранысын қанағаттандыра алмайтынын мәлімдеген.

Мұның алдында Роналду еңбекақысы 75 миллион еуроға дейін көтерілсе, клубта қалуға дайын екені хабарланған. Қазіргі келісімшарт бойынша, ол жылына 21 еуро алады.

Футболшы салық бойынша алаяқтық күдігіне қатысты сот шешімін күтуде және клуб шығынын өтеуге көмектеседі деген үмітте болған. Ал клубтың басқа футболшыларға жаман үлгі болмас үшін форвардқа бұл жағдайда көмектеспейтіні айтылды.

Еске салайық, «Реал» 3:1 есебімен «Ливерпульді» ұтқан Чемпиондар лигасының финалынан кейін Роналду мадридтік клубтан кететіні туралы меңзеген. Кейін БАҚ-та футболшыға «Пари Сен-Жермен» клубы 45 миллион ұсынып отырғаны хабарланған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер