«Astana Arlans» есепті теңестірді
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» кезекті кездесуін «British Lionhearts» командасына қарсы өткізіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл жартылай финалдық кезеңдегі «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» командалары арасындағы қарымта кездесу екенін еске саламыз.

Атырау қалсында алғаш болып шаршы алаңға 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов пен Уилл Коули шығып, қонақ команданың боксшысы жеңген еді.

Ал екінші болып күш сынасқан Серік Теміржанов (60 келі) қарсыласы Калум Френчті 2:1 есебімен жеңді. Осылайша, бүгінгі есеп теңесті. Ал жалпы есепте қазақстандықтар алда, 4:3.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или