Бокс

«Astana Arlans» кездесуді сәтті бастай алмады

news-banner7
mobile-news-top
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» кезекті кездесуін «British Lionhearts» командасына қарсы өткізіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл жартылай финалдық кезеңдегі «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» командалары арасындағы қарымта кездесу екенін еске саламыз.

Атырау қалсында алғаш болып шаршы алаңға 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов пен Уилл Коули шықты.

Жекпе-жек қорытындысында қонақ команданың боксшысы 1:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жалпы есеп теңесіп отыр. 3:3

Естеріңізге сала кетейік, Шеффилд қаласында өткен алғашқы кездесуде «Астана Арландары» 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер