Бокс

Батыр Жүкембаев WBC чемпионы титулы үшін жұдырықтасады

Батыр Жүкембаев WBC чемпионы титулы үшін жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін қашан өтетіні анықталды.

Boxrec.com сайтының ақпаратына сүйенсек, отандасымыз 26 мамырда WBC тұжырымының белбеуі үшін қолғап түйістіреді. Батыр Оңтүстік Америка аймағының және WBC ұйымы күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизбен (20-9-1, 7 КО) жұдырықтасады. Кездесу бірінші жартылай орта салмақ аясында өтеді.

Боксшылар Давид Лемье - Карим Ашур арасындағы жекпе-жектің андеркартында күш сынаспақ.

Айта кетейік, Жүкембаев осыған дейін кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, оның 10-ын уақытынан бұрын аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер