Ел не демейді ...

Еркебұлан Сейдахмет: Мен үшін маусым аяқталған жоқ

Еркебұлан Сейдахмет: Мен үшін маусым аяқталған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақтың «Мессиі» атанып кеткен жас футболшымыз Еркебұлан Сейдахмет инстаграм парақшасындағы жазбасына байланысты prosports.kz тілшісіне арнайы сұхбат берді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Еркебұлан өзінің инстаграм парақшасында осы маусыммен қош айтысқанын жариялаған болатын.

Ал кейін Қазақстан құрамасының ең жас ойыншысы бұл жазбаға қатысты өз ойын білдірді.

- Инстаграм желісіндегі жазба мен үшін маусым аяқтағалғанын білдірмейді. Кейбір БАҚ өкілдері оны дұрыс түсінбеген болар. Бүгін аяғым жазылып, жаттығу жасадым. Алайда, жаттығу барысында сол жарақатымды қайта ушықтырып алдым. Дәрігерлер магниттік-резонансты бейнелеу жасады да тағы екі апта емделу керек деді. Бұйыртса, маусымның соңғы ойындарында алаңға шығып қаламын, - деді тараздық футболшы.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет осы жылдың басында ресейлік «Уфа» клубына ауысқан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, Венгрия қақпасына гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер